Өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы «KMG Automation» ЖШС ұсынған инновациялық шешімдер

2017 жылғы 16 маусым күні Алматы қаласында «Rixos» мейманханасында «Өнеркәсіптік автоматтандырудағы инновациялар» тақырыбы бойынша семинар өтті.  Семинарға жобалық институттар мен жүйелік интеграторлар қатысты.Бірлескен кәсіпорын өнеркәсіптік автоматтандыру және мұнай өндіру, көмірсутектерді қайта өңдеу мен тасымалдау бойынша өндірістік процестерді басқаруды жетілдіру саласында өз мүмкіндіктерін ұсынды.